Нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру негіздері вожатыйдың қызметі

Нұр-Сұлтан қаласы  Білім   беруді   жаңғырту   орталығының ұйымдастыруымен  2022 жылғы 21 қыркүйек күні №70 мектеп-лицейінде «Нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру негіздері вожатыйдың қызметі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты аға вожатыйлардың кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, аға вожатыйларға кеңес беру  және әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы «Тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің әдіскері Джунусова Дамира Ернарқызы «Мектеп аға вожатыйына арналған әдістемелік ұсыныс» тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ, «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы оқудан тыс қызметті ұйымдастыру туралы айтып өтті. Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және өзін-өзі басқару үйлестірушісі Джапарова Алмагуль Борисовна Нұр-Сұлтан қаласының «Мектеп және студенттік өзін-өзі басқару моделі» таныстырып өтті.

Іс-шара барысында №70 мектеп-лицейінің педагог-психологы Аблезова Радина Болатқызы  «Өзіне деген сенімділікті арттыру» тренинг өткізді. Мақсаты: өзін-өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, аудитория алдында сөйлеу тәжірибесін меңгеруге ықпал ету, бұл өз кезегінде өзіне деген сенімділіктің артуына әсер етеді. Іс-шараға қатысушылардың барлығы белсене араласып, көзқарастарымен ашық бөлісті. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директордың орынбасары Өтеген Балнұр Өтегенқызы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары, №85 мектеп-лицейінің  вожатыйы Суйиндикова Гулнур Жанадилқызы «Вожатыйдың жылдық жоспарын тиімді құрастыру», №3 мектеп-гимназиясының вожатыйы Данияр Әлия Ахмедияқызы «Мектепшілік өзін-өзі басқару ұйымы жұмысы: заманауи көзқарас» тақырыбында тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында қатысу­шылар алған білімдерін бекіту мақсатында шағын жобалар жасап, спикерлердің практикалық тапсырмаларын орындады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған