Мектепішілік бақылау жоспарын әзірлеу

2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің базасында «Мектепішілік бақылау жоспарын әзірлеу» тақырыбы бойынша Білім беру жаңғырту орталығының «Білім беру саласындағы зерттеулер»  бөлімінің әдіскерлері өткізген директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті. Семинар қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Семинар спикерлері бөлім басшысы А К. Мұхамеджанова, әдіскер А.Досмұхамет болды.

Семинар аясында мектепішілік бақылау ережесі, жоспардың құрылымы мен мазмұны және аналитикалық анықтамалардың құрылымы талқыланды.

Аталған семинар практикалық семинарларға қажеттілік болуына байланысты екінші рет ұйымдастырылды. Семинарға орта білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған