Ахмет ардақталған күн

2022 жылдың 20 қыркүйек күні  №87 Абай атындағы мектебі және қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері  Жанар Сейдахметқызының ұйымдастыруымен бірлесіп «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы және жаңа Қазақстанның білім жүйесі» атты қалалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Шараға елордадағы Алаш арыстарының есімін иеленген мектептер мен өзге де білім беру мекемелерінің педагогтері қатысып, тәжірибелерін ортаға салды. Конференцияға белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұл, аталған  университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, «Тілдерді  дамыту және архив  ісі» басқармасының «Тіл саясатын үйлестіру» бөлімінің басшысы Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы  қатысты.

Қалалық ғылыми-әдістемелік конференциясы пленарлық отырыспен басталып,  ары қарай  «А. Байтұрсынұлы мен Алаш қайраткерлерінің сабақтастығы»  және «Оқыту процесіндегі А. Байтұрсынұлы мұрасы: идея, әдістеме және жаңашылдық» атты екі бағыттағы секциялық тәжірибе алмасуға жұмыс алаңына ұласты. Елорданың Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Қошке Кемеңгерұлы, Қайым Мұхамедханов атындағы мектептердің мұғалімдері Ахаң мен Алаш азаматтарының тұлғасын байланыстыра отырып, баяндама жасаса, екінші бағыттағы секция алаңында  Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын мектеп бағдарламасына сай оқытудың әдістемесі талқыланды. Конференция соңында кері байланыс орнатылып, қатысушыларға Білім беруді жаңғырту орталығының Сертификаты салтанатпен табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған