19 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Ұстаздар саябағында» «Үздік педагогтен – үздік тәжірибе» тақырыбында қалалық білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Аталған шараға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, әр жылдарда ҚР «Үздік педагог» атағын алған педагогтер, Елорда мектептерінде жұмыс жасап жатқан жас мамандар қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты: педагог мәртебесін арттыру, өзара тәжірибе алмасу. Жас мамандар мен үздік педагогтар арасына байланыс орнату.
Кешке мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, педагогика ғылымдарының магистрі, «Тәңірқұт», «Күміс шық» жыр жинақтарының авторы, Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арман Шеризат қатысып, жыр жолдарын арнады. Іс-шара барысында әр үздік педагог өзінің еңбек жолындағы үздік тәжірибесімен бөлісті. Атап айтар болсақ, Мәуіт Рысбек авторлық жинақтарын математика мамандарына сыйлады. Сонымен қатар, нейрогимнастикадан, графикалық органайзердің «9 РОМБ» әдісі, интербелсенді әдіс «Қос шеңбер» әдісі бойынша жас мамандарға мотивация беретін тренингтер ұйымдастырылды. Ләзім Талғатқызы өз іс-тәжірибесінен әдістемелік жинақтарын сынып жетекшілігі бар мамандарға ұсынды.
Ұстаздар «Үздік педагог» мәртебесіне жету жолдарынан сыр шертіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеш тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар арасындағы байланысты қалыптастыруға, тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналды. Ардагер ұстаз Тердікбай Күшай ағай жас мамандарға МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ туралы айтып, ақ батасын жолдады. «Батасыз ер арымас», танымал ұстаздың батасынан мамандардың жолы сәтті болады деген ниеттеміз.
Оқу жылы басында ұтымды ұйымдастырылған кездесуден жас мамандар үлкен әсер алып, ынталанып, тәжірибе жинақтап қайтты. Осы кездесуді жоғары дәрежеде ұйымдастырған қалалық білімді жаңғырту орталығының әдіскерлері Гүлжазира Бекболатқызы мен Шарипа Химанқызы.
Осы кешке шақырылған қонақтар:
1.Тердікбай Күшай — педагог-шебер, ҚР «Үздік педагог – 2018» атағының иегері. «Алтын жұлдыз» ордені, «Білім беру ісінің үздігі» (Моңғол Халық Республикасы). 2013 жылы «Астана қаласы Білім жүйесінің алтын қоры» кітабына есімі жазылды. 2021 жылы «Нұр-Cұлтан қаласының құрметті педагогі» атағының иегері.
2.Мәуіт Рысбек – «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы, магистр. ҚР «Үздік педагог – 2017» атағының және «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
3. Қасымова Ләзім Талғатқызы — педагог-шебер, магистр, ҚР «Үздік педагог – 2018» атағының иегері. «Телесабақ» жобасына қатысушы.
4. Парманова Сандуғаш Қуанышбекқызы – педагог-шебер. ҚР «Үздік педагог – 2020» атағының және «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
5. Сагатбекова Сериккайша Кабылгазықызы – педагог-шебер, ҚР «Үздік педагог – 2016» атағының иегері. «Телесабақ» жобасына қатысушы.
6. Қудабаев Нұрдаулет Алибекұлы – педагог-зерттеуші, магистр. ҚР «Үздік педагог – 2020» атағының иегері.
7. Смаилова Айкен Исатайқызы – педагог-шебер, ПШО тренері, ҚР «Үздік педагог – 2019» атағының иегері.
8. Алиева Ләззат Нұрғалыққызы – педагог-шебер, магистр, 11-сынып «География» электронды оқулығының авторы, ҚР «Үздік педагог – 2019» атағының иегері, «Қазақстан мұғалімі- 2019» Ұлттық сыйлығының финалисі. «Құрмет» орденінің иегері.
9. Азимбаева Рахат Омашқызы – педагог-зерттеуші, ҚР «Үздік педагог – 2019» атағының , ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.
10. Райсханова Гүлжанат Советқызы – педагог-шебер, магистр, интелект және STEM тренер. ҚР «Үздік педагог – 2020» атағының иегері. «Халық алғысы» медалінің иегері.
11.Жакупова Гулнара Амангелдіқызы – педагог-шебер, магистр. ҚР «Үздік педагог – 2018», «Үздік волонтер-2020» атағының иегері, «Қазақстан мұғалімі- 2020» Ұлттық сыйлығының финалисі».
12. Каппасова Сандуғаш Елтайқызы – педагог-шебер, магистр. ҚР «Үздік педагог – 2018» атағының иегері.