5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған
2022 жылдың 5 Қыркүйек күні Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу, ісін жалғастыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған «Ұлт ұстазы» әдеби сағаты өтті. Кеш «Қаламгерлер» аллеясында №94 мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Өмірбек Бекмұраттың жүргізуімен өрбіп, ақын-педагогтер: Икишева Әсель Амангельдиновна, №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Амангелді Ақжігіт, №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Гайнуллина Гульмира Тілеуғазықызы, №75 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Азамат Мәлжанбайұлы, №90 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Қабденова Балғын Нұрланқызы, БИНОМ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Дүйсенбеков Мирболат Сəрсенбекұлы, №14 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Мұхиден Ботакөз Мұхиденқызы, БИНОМ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлына арнаған шығармаларын оқыды. Ахмет сағаты №93 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даривхан Нұргүлдің жетекшілігімен құрылған «Ұлт өрендері» оқушылар командасы «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт»
Ұлт Ұстазы» қойылымымен ұласып, Қоянды №2 мектебінің музыка жетекшісі Бақталант Улыхпанұлының орындауында Ахметтің «Аққұм» әнімен қорытындыланды.