2022 жылғы 22 тамызда №67 гимназия базасында «Тамыз кеңесі – 2022: «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» аясында «SHARE — іс-әрекеттегі зерттеу бойынша мектептер-хабы» панельдік секциясы өтті. Секцияға елорда мектептерінің 270 педагогі қатысты.
Секция жұмысы барысында педагогтер SHARE жобасындағы 13 мектептің постерлерімен танысып келесі тақырыптардағы 3 Workshop-қа қатысты:
- «Мұғалімдердің ынтымақтастығы кәсіби даму мақсатында», Аюбаева Назипа Алтынбековна, жоба үйлестірушісі, «Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту қорының» директоры, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- «Деректерді жинау әдістері» — Оразалы Султанбек, №67 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі
- «Зерттеу сұрағын қалай анықтауға болады?» — Касиенова Динара Куанышбаевна, №91 МГ директорының орынбасары, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
- «Бақылауды қалай жүргізу керек?»
- «Фокус-топты қалай жүргізу керек?» — Анапьянова Райхан Аскеровна, №58 МГ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
- «Рефлексия мен кері байланыстың рөлі» — Ержанова Анар Альжановна, №59 МЛ ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
- «Кәсіби әдебиеттерді оқу әдісі» — Кожахметова Қымбат Бодыққызы, №76 МЛ ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі.
Секция жұмысының соңында, қатысушы педагогтердің рефлексиясы тыңдалып, ұсыныстар қабылданды.