Жеңімпаздарды құттықтаймыз! «Көкмайса» жобасы

Нұр-Сұлтан қаласы  Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қоры», Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында қазақ тілінде білім алатын 5-ші сынып оқушыларының арасында экологиялық сана-сезім мен білімдерін көтеру, оларға қалдықтарды қалдырмау (қоқыстар) қағидаларымен таныстыру, тұрмыста қолданылған қатты қалдықтарды бөлек жинау сияқты экологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 10 жалпы орта білім беру ұйымдарында №56,58,66,73,74,76,86,87,81,90 қазақ мектептерінде  «Көкмайса» жобасы енгізілді.

Бұл жоба қала өмірін жақсартуға, оны өмір сүру мен кәсіппен айналысу үшін таза әрі ыңғайлы ету үшін, азаматтардың сана-сезімін экологияландыру үшін, табиғатты ұқыптырақ қамқорлық көрсету үшін, тұрақты даму қағидаларымен және тұйық циклді экономикамен таныстыру үшін маңызы зор.

Жобаны жүзеге асыру жоспары 3 кезеңнен тұрады:

  • 10 мектепте шеберлік сабақтар өткізу;
  • шикізатты (қоқысты іріктеу);
  • қорытынды.

Жоба қорытындысы бойынша келесі білім беру ұйымдары жеңімпаз атанды:

1. I орын – №66 мектеп-лицейі – 879 кг шикізат;

2. II орын – Абай Құнанбаев №87 мектеп-гимназиясы – 594 кг шикізат;

3. III орын – №73 мектеп-лицейі – 589 кг шикізат.

Жеңімпаз мектептердің 5 сынып оқушылары Назарбаев Университетіне экскурсияға жолдама алды.

Экскурсия барысында оқушылар университеттің ішкі ғимаратымен түгел танысып, студенттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Экскурсия соңында оқушыларға жоба аясында сұрақтар қойылып, жеңімпаз оқушыларға сыйлықтар таратылды.

Мектеп оқушыларына «Көкмайса» жобасының берері мол болды. Осы жоба аясында оқушылар тоннаға жуық шикізат жинады. Қоқысты сұрыптауды үйренді. Экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа жол ашты.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған