Eco Jas экологиялық жобасы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Eco Jas экологиялық жобасының қорытындысы мен марапаттау рәсімі

2022 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мұражайында Ұлттық волонтерлер желісі (ҰВЖ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын Eco Jas экологиялық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі барысында 9-11 сынып оқушыларынан тұратын жобалық топтар оқытушыларымен бірге қазылар алқасының алдында өз жұмыстарын қорғады. Жеңімпаздарға өз жобаларын жүзеге асыру үшін гранттар берілді.

Eco Jas жобасы 2022 жылдың басында бастау алды. Оның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық саналы әдеттерін қалыптастыру, білім беру ұйымдарының оң тәжірибелер арқылы «жасыл мектептер» тұжырымдамасына көшуіне ықпал ету. Жобаға екі облыс – Ақмола (Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалалары) және Қарағанды (Қарағанды және Теміртау қалалары) қатысты.

5-8 сынып оқушылары суреттер мен әңгімелердің шығармашылық байқауларына, экологиялық тақырыптағы үстел ойындарын әзірлеуге, әлеуметтік желілерде видео түсіріп, экочеллендждерді ұйымдастыруға қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

Жобаны іске асыруға ақшалай гранттар:

1. Касымбекова Марал,  №89 мектеп-лицей (Нұр-Сұлтан қаласы);

2. Какимова Ажар (Көкшетау қаласы);

3. Мухамедов Вусал, Ковылкин Андрей (Теміртау қаласы);

4. Накенов Даниал, Бапыева Альбина, Мусаинова Анель (Қарағанды қаласы).

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған