Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында патриотизм сабағы өтті.  Сабақты өткізуші Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қосылбекова Ақмарал Аскербекқызы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сабаққа «Жазғы мектептегі»  оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сынып оқушылары қатысты. 

Оқушылар сабақ барысында мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін  ортаға салды. Викториналық сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерді жалғастырып, «Менің Туым» және « Менің Елтаңбам» тақырыбында постер қорғады, «Шаңырақ» ойыны арқылы оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауды үйренді. Әнұранды нақышына келтіре орындады. Бүгінгі патриотизм сабағының  үрпақ ердесінде қалары сөзсіз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған