«ҮЗДІК СЫНЫП САҒАТЫ — 2022» атты қалалық конкурсы

2022 жылғы 31 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Үздік сынып сағаты — 2022» атты қалалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты – «Үздік сынып сағаты — 2022» шығармашылық байқауы сынып жетекшілерінің білім алушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жұмыс тәжірибесін жетілдіру.

Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Нұр-Сұлтан қаласының  Білім беру ұйымдарының 1-11 сынып жетекшілерінен 27  өтінім келіп түсті. Бірінші кезеңде «Мен – өз елімнің патриотымын!», «Қазақстанның жұлдызды балалары», «Сөйлеу мәдениеті – бұл ел мәдениеті» тақырыптарында (тақырып таңдау бойынша) ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын бір сынып сағатының бейнематериалын ереже талабына  сәйкес  паш етіп,  ең үздік  27 сайыскеріміз екінші кезеңге жолдама алды. Ал екінші кезеңде «Әр отбасының құнды дәстүрі», «Өзіңе және өзгелерге көмектес», «Менің тілім-менің жүрегімде» тақырыптарында (тақырып таңдау бойынша) бір сынып сағатының бейнематериалын ұсынды.

«Үздік сынып сағаты — 2022» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

 Бас жүлде — Бейсенова Самал Жанарбековна,  № 67 мектеп-гимназиясы, сыйлық-ноутбук;

1 орын иегері –  Есимова Айнұр Әбішқызы, №18 орта мектеп, сыйлық-принтер;

2 орын иегері – Бекмағанбетова Нұрғайша Есенгелдіқызы, №93 мектеп-лицейі, сыйлық-электронды кітап;

3 орын иегері — Туленова Аяулым Бейбитовна, №68 мектеп-гимназиясы, сыйлық кітап «Күй таспасы» .

Сонымен қатар, байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары келесі номинациялар бойынша марапатталды:

«Үздік сынып сағаты» — Турганбекова Айгуль Токтамысовна, №82 Дарын мамандандырылған лицейі;

«Сынып жетекшісінің оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі» — Дүйсенбаева  Кәмшат  Әділбайқызы, №8 мектеп-лицейі;

 «Сынып жетекшінің – тұлғаның рухани – адамгершілік дамуына ықпал ететін оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастырушы» — Кукенова Кенжегул Таубалдиевна, №74 мектеп гимназиясы;

«Шебер» — Аскарова Махабат Балтаевна, № 85 мектеп-лицейі;

 «Эрудит сыныбы» — Досжан Бейсенкүл Қызықбайқызы, №57 орта мектеп;

«Ең белсенді сынып» — Каршалова Кунсулу Илюбаевна, №61 орта мектеп;

«Ең шығармашылық сынып» — Серкебай Мәдина Кенжеханқызы,  №64 мектеп-лицейі; «Ең креативті тәсіл» — Траксель Галина Владимировна, №37 мектеп-лицей.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *