Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 69 бұйрығына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Балалық шағымның шуақты биі» байқауы өтті.
Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша мына жеңімпаздар анықталды:
І орын – №14 «Ақбөпе» балабақшасының «Күншуақ» би тобы
ІІ орын – №32 «Балдәурен» балабақшасының «Балдәурен» би тобы
ІІІ орын – №62 «Нұрсәуле» балабақшасының «Аққу» би тобы.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Көрермен көзайымы» – №61 «Шолпан» балабақшасының «Шолпан жұлдыздары» би тобы;
«Хореографиялық бейімі» – №24 «Айналайын» балабақшасының «Еркетай» би тобы;
«Көркем орындау шеберлігі» – №45 «Самұрық» балабақшасының «Самұрық» би тобы;
«Үздік композиция» – №71 «Мөлдір» балабақшасының «Мөлдір» би тобы. Республикалық мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Балалық шағымның шуақты биі» қалалық (сырттай) би байқауына қатысу үшін І орын – №14 «Ақбөпе» балабақшасының «Күншуақ» би тобы, ІІ орын – №32 «Балдәурен» балабақшасы «Балдәурен» би тобы, ІІІ орын – №62 «Нұрсәуле» балабақшасының «Аққу»би тобының бейне материалдары жолданды.
Грамотаны қалай алуға болады?