Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы жас ұрпақтың бойына әдет-ғұрып, салт-сана, өнер, дәстүрлерін ескере отырып, ұлттық мінез-құлық қасиетін қалыптастыру арқылы сана-сезім, патриоттық рух, бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейдегі қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №42 орта мектебі базасында «Дала заңы» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті және оның ерекшеліктері» атты қалалық семинар өткізді. Семинарға қатысушылар мектеп дәлізінде технология пәнінің мұғалімі Э.Ж Бейсенбекованың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Ою өрнектер әлемі» көрмесін тамашалады.
Халық педагогикалық құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын іске асыруда әдіскер Д.К. Амиргалиева «Дала Заңы» жобасы және «Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті және оның ерекшеліктері» атты қалалық семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Бағдарлама бойынша «Ән-күй – халық қазынасы» тақырыбында 3 «Б» сынып жетекшісі Т.Қ. Шаяхметованың ұйымдастыруымен өткен сайыс сабақ өте тартысты да қызықты өтті. Ұлы даланың ұлы есімдері бағдарламасы аясында Д.Ж. Сулейменова «Дархан даланың дана перзенті» атты 10 сынып оқушыларымен әдеби шығармашылық сабақ өткізді. 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Ислам мәдениеті. Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында сұқбат-кездесу сабағын тарих пәнінің мұғалімі М.Д.Шойбеков рухани адамгершілік құндылықтарды зерделеп, талдады. Отбасында ұлттық тәрбие беру бөлімінде 6 сынып жетекшісі Г.А Смаилова «Жырын тыңдап әжемнің, сырын ұқтым әлемнің» тақырыбында ата-аналармен бірлескен тағылым сабағы ұлттық құндылықтарды көрсете білді. «Сана»-интелектуалды клубы бөлімінде 4 сыныптармен кітапхана меңгерушісі Башаева С.Б. «Жүзден жүйрік» тақырыбында интелектуалды ойын ұйымдастырды. «Қазақтың ұлттық ойындары» атты Ж.Адилбаев ұйымдастырған «Асық ату», «Арқан тарту», қыздар арасында «Бес асық», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары өте тартысты өтті. «Нұр-Шуақ» театр үйірмесінің өнерпаздарының сомдауындағы «Қазақ автономиясын құру» Алаш арыстары туралы тарихи композициялық қойылым өте әсерлі болды.
Мектеп көркемөнерпаздарының қатысуымен болған қорытынды концерттік бағдарламада орындалған әндер ұлттық патриотизм мен ұлттық құндылықтар негізінде келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Семинарды әдіскер Д.К. Амиргалиева қорытындылады. Іс-шараға қатысушылар алған оң әсерлерімен бөлісіп, басқа да қала мектептеріне жобаны енгізу туралы өз ойларында өзектілігін баса айтып өтті.