Қазақстан Республикасында жарияланған Балалар жылы аясында «Басқару колледжі» ЖШС базасында 2022 жылдың 20 мамырында жас оқытушылар мен колледж студенттеріне арналған «Білім жолында» атты II Республикалық форумы өтті.
Форумның іскерлік бағдарламасына оқытушылар мен студенттерге арналған оқыту сессиясы, жетекші ғалымдар мен әлеуметтік серіктестердің дәрістері, болашағынан зор үміт күтіретін жас мамандармен және бизнесмендермен кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптар, заманауи зерттеулер мен инновациялар бойынша панельдік пікірталастар енгізілді.
Форумға Қостанай, Қарағанды, Балхаш, Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола облысының оқытушылары мен студенттері қатысты. Барлығы қатысушылар саны — 130 адамнан астам.
Диалог алаңында жас оқытушыларға Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің доценті, ф.ғ.к. Л.Ю. Олкинянмен, кадрларды даярлау және персоналды дамыту орталығының инженері, бас маманы А.А. Несіпбаевпен, «Астана дарыны» ДД ПС мекемесінің психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Е.С. Капановамен және AllurGroup автомобиль компаниялары тобының менеджерімен кездесуге мүмкіндік берілді.
Жас оқытушыларға «Табысты болуға ұмтылыңдар» атты дөңгелек үстел тақырыбы теория мен әдістеме бойынша пікір алмасу, педагогикалық тәжірибемен бөлісу және колледждегі оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдарын іздеу бағытын қамтыды.
Форумда студенттер үшін бейресми жағдайда «Endorphin» креативті агенттігі директоры Темирбай Арыстанбекпен, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №23 «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы Жағапарова Жанармен, «Басқару колледжі» ЖШС арнайы пәндер оқытушысы, әскери ғылымдар магистрі Капезова Айгеріммен және «Гол-пас» мейрамханалар желісінің су–шефы Ковалдин Ильямен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде қонақтар мазмұнды әрі қызықты түрде өздерінің кәсіби мансабының басталуы, табысты тәжірибесінің негізі туралы, жүзеге асырылып жатқан жобалары мен жоспарлары мен іскер тұлға ретінде қалыптасуы туралы айтып берді.
«TIME & WE» студенттік алаңында студенттердің білім беру зерттеулері мен болашақ мамандығына қатысты шығармашылық көзқарасы бойынша қызықты жұмыстары назарға ұсынылып, талқыланды.
Форум қатысушыларға флористика, көркем сурет салу, бас киімдерді безендіру және т.б. шеберлік сыныптар арқылы өз қолымен ұнаған затты жасап үйренуге мүмкіндік берді.
Жұмыс барысында оқытушылар мен студенттер өз жұмыстарын сапалы орындауға, өзіндік даралығын көрсетуге тырысты. Форум соңында жас оқытушылар мен студенттердің үздік жұмыстары мен баяндамалары Дипломдармен марапатталды. Форумға қатысушылар ұйымдастырушыларға шара туралы пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.