СТУДЕНТТЕРДІҢ  ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

Заманауи қоғамның қарқынды дамуы сауатты, эрудитті, мобильді және өзін-өзі жетілдіруге дайын мамандарды қажет етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – болашақ мамандардың кәсіби деңгейін дамытудың негізі,  сонымен қатар, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуының тиімді ресурсы болып табылады.

Студенттердің пәндік олимпиадасы – білім алушылардың эрудициясы мен негізгі құзыреттіліктерін тексеруге, логикалық ойлауы және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тамаша алаң.

2022 жылдың 23 мамыр күні Білім беруді жаңғырту орталығы Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттер арасында қалалық олимпиада өткізді.  Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жүзеге асырылды:

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы қазақ тілі;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы қазақ әдебиеті;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы орыс тілі мен әдебиеті;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы орыс тілі;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы орыс әдебиеті;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

•          Қазақстан Тарихы.        

            Нұр-Сұлтан қаласының колледж студенттеріне таңдаған пәні бойынша өздерінің пәндік білім деңгейлерін, құзыреттіліктері мен эрудицияларын әділ бәсекеде көрсетуге мүмкіндік берілді.

          Сараптама комиссиясының құрамына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ы Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО  АҚ  Нұр-Сұлтан қалалық филиалының, Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зертеу орталығының, «Руханият», «Парасат», «Intellectual generation» білім орталықтарының өкілдерімен қатар, мемлекеттік, жекеменшік мектептердің тәжірибелі педагогтары енді.

Олимпиадаға 25 колледжден барлығы 104 оқушы қатысты. Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушылары I, II, III дәрежелі дипломдармен және қатысу сертификаттарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі тарапынан сыйға кітаптар ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған