11-cынып білім алушыларын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі

2022 жылдың 6 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына сабақ беретін орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «11-cынып білім алушыларын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі» вебинары өтті.

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары» №125 бұйрыққа сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен ерекшелігі туралы айтылып, қорытынды аттестаттау спецификациясы талданды.

         Қалалық Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ мүшелері

білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесіне сай оқушыларды мемлекеттік емтиханға дайындау тәжірибелерімен бөлісті.

         Спикерлер:

  • Кулькаева Галия Баймуратовна
  • Аймагамбетова Жазира Аманбаевна
  • Кенжебекова Дариға Болатовна

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған