Арнайы пәндерді оқыту үрдісіне ағылшын тілін енгізу тәжірибесінен

«Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша), «Қонақ үй қызметін ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 2019-2020 оқу жылынан бастау алған эксперименттік жобаның жүзеге асырылуы, эксперименттік бағдарламаның тиіміділігі туралы «Арнайы пәндерді оқыту үрдісіне ағылшын тілін енгізу тәжірибесінен» атты дөңгелек үстел жұмысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 6 мамыры күні Сервис және туризм колледжінде ұйымдастырылып, өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған дөңгелек үстел жұмысында эксперименттік алаңды жүзеге асыру барысында қолданылған заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялардың тиіміділігімен қоса, оқыту үрдісіндегі жетістіктер, қолайлы мүмкіндіктер, орын алуы ықтимал қауіптер мен бағдарламаны жүргізудегі әлсіз тұстар туралы SWOT-талдау көпшілік назарына ұсынылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар оқу үдерісіне көптілділікті енгізу арқылы кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша тәжірибе алмасудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған