Заманауи мектептегі оқушыларды тәрбиелеудің: стратегиясы мен құндылықтары

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 4 мамыр күні  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және вожатыйларға арналған «Заманауи мектептегі оқушыларды тәрбиелеудің: стратегиясы мен құндылықтары»тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты – мектептегі білім беру жүйесінде кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты ретінде оқушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, өзін-өзі көрсетуі және әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

Аталған іс-шарада мектеп директоры Нугуманов Сырым Ботаханұлы   семинарды ашты. Гульнара Жусуповна «Позитивті аймақ» психологиялық тренинг өткізді.  Практикалық бөлімінде Жакибаев Азамат Камалович «Жаһандану үдерісіндегі ғылым және тәрбие саласындағы заманауи ғылымды қажет ететін технологиялар», Абдульманова Бикон Амангельдиновна «Отбасылық қатынастар әлемінде», Ахметбек Адия  Сейполлақызы «Өзін-өзі басқару», Сагындыкова Кундыз Жеткиншековна «Жүн кескіндеме техникасындағы сурет», Бекибаева Людмила Владимировна мен Баймухамбетова Паризат  Женисовна, Арнт  Камила Оттовна отбасы және мектеп: өзара әрекеттесу жолдары «Менің әкем ең жақсы» интерактивті ойын өткізді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына  орай «Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің атасы» Гайсина Галия  Кенжегалиевна әдеби кеш өткізді.

Семинар барысында Лаура Қасымғалиқызы  «Сенім – менің  серігім», Сейткалиева Гульнур Ондагановна «Адамгершілік – асыл қасиет», Асетова Гульшат Рахимбековна, Сагипова Лаура Абеновна «Сол ұлы жылдарға тағзым етейік», тәжірибелі педагогтер тәрбие сағаттарын және  музыкалық әдеби кеш көрсетті. Торебекова Айжарқын Ашкентаевна, Бақытжан Өркеш «Құлақтан кіріп бойды алар…» тақырыбында караоке өткізді. Семинарға қатысушылар педагогтерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған