2019 оқу жылдан бері білім сапасын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицейінің» білім беру жүйесіне Лессон стади халықаралық жобасы енгізіліп, мұғалімдер арасында көшбасшылықты дамытуда топтар құралып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолданылып, үздік сабақтар өткізіліп келеді. Жұмыс өте жоғары деңгейде бағаланып, қыркүйек айында Голландияның астанасы Амстердамда өткен «WАLS –2019» атты халықаралық конференцияда маталмыш мектептің жұмысы үздік деп танылып Қазақстан 9 орынға ие болды.
2021-2022 оқу жылының қараша айында Қытайдың ірі қалаларының бірі Гонконгта Лессон стади бойынша өткен «WАLS –2021» атты халықаралық конференцияда мектептің жобасын қорғап, Көбелдесова Алтынай Оразбайқызы, Туитина Замзагүл Қалкенқызы, Дусчанова Алия Орынбекқызы сертификаттарға ие болды.
2021-2022 оқу жылындағы «Көңілдің асыл пернесі» атты Халықаралық конкурсы нәжижесінде Өміртайқызы Аружан II орын алды;
2021-2022 оқу жылындағы «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық конкурсындаНұрғалиева Рыскүл ІІІ орын және қалалық ғылыми жоба сайысында Кенжетаева Назия грамота алды.
2021-2022 оқу жылындағы қалалық конкурс, олимпиадалардан 121 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
2021-2022 оқу жылындағы 41 оқушы аудандық сайыста жеңімпаз атанды.
2021-2022 оқу жылында мұғалімдер республикалық, қалалық кәсіби конкурстарға белсенді қатысып, нәтижесінде 35 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.
2021-2022 оқу жылында мұғалімдер халықаралық, республикалық, қалалық семинарларды 24 мұғалім өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Жыл оқушысы»
2018 ж. Камалов –II орын
2019 ж Кашкеев Талғат – ІІІ орын
«Жыл мұғалімі»
2019 ж.- Сенгалиева Самал — III орын
2021ж.- Туитина Замзагүл Қалкенқызы- «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» атағына ие болды.
«Дарынды оқушыға – талантты мұғалім»
2018 ж. – «Мектеп командасы» II орын
2019 ж. — — Ашимова Аида II орын
2019 ж – Орал Жомарт III орын
2020 ж – Төлегенова Айгерім III орын
2021 ж- Төлегенова Айгерім II орын
2022ж – Қуандықов Алибек Жанибекұлы III орын
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарын бағалай білген алтын ұяының орны ерекше. Мектептің ана тілімізге деген жан ашырлығы, ана тілді дәріптеп, таза ұстауға, ана тілінде қарым -қатынас жасауға назар аударылып жұмыс жасауының өзі үлкен жетістік. Биік белестерден көрінсін деген алғысымызды мектеп ұжымына, ұстаздар қауымына білдіреміз.
«Елордалық білім» ақпарат