ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢЖОЛДАРЫ

Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен 2022 жылдың 22 сәуір күні  қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді жолдарымен бөлісу және өзара тәжірибе алмасу  мақсатында №59 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Тыңдалым дағдысын дамытудың жолдары» атты қалалық семинар өтті. Семинарда көтерілген мәселені болжауға үйрету, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау, мәтін мазмұнын түсінуге бағыттау,  ресми сөздер мен тіркестерді, терминдерді орынды қолдану, диалогке қатысуға дағдыландыру,  мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжауға жетелеу,  әртүрлі жанрдағы орта көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен тілдік құралдардың рөлін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау, мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беруді үйрету мәселелері қарастырылды. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері (оқыту қазақ тілінде және орыс тілінде) «Маған бәйшешек ұнайды» (2 «Д» сыныбы, пән мұғалімі – Жолжаксинова Салтанат Бектасовна),  «Әнші құм» (5 «И» сыныбы, пән мұғалімі – Насырова Гульнур Толегеновна), «Университеттік кітапханалар» (6 «Е» сыныбы, пән мұғалімі – Нагуманова Гульзат Кажимуратовна), «Қиял-ғажайып әлемі» (7 «А» сыныбы, пән мұғалімі  – Тлеген Ардақ Балтабайқызы), «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» (4 «М» сыныбы, пән мұғаілімі – Толеубаева Макпал Болатовна), «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» (9 «В» сыныбы, пән мұғалімі – Сахмурзаева Гулжамила Тохтаровна), «С. Мұратбеков «Телі өскен ұл» (11 «Ж» сынып, пән мұғалімі – Оспанова Айсулу Мерекеевна) тақырыбында ашық сабақтар берілді,  сонымен қатар «Тыңдалым дағдысын дамытудың жолдары» тақырыбында (Тастанбекова Назгул Акановна, Кабылбекова Сауле Жанабаевна) шеберлік сынып ұйымдастырылды. Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы тыңдалым дағдысын дамыту жолдары айқындалып, рефлексия жүргізу нәтижесінде семинар оң бағасын алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған