Құшағы құтты нұрлы ұя

Қасиеті мол, алып тұлға Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп — мемлекеттік тілде білім беретін, білім айдынындағы үлкен кеме. 2007 жылы алғаш шәкірттерін қабылдай бастаған бұл білім ошағы, бүгінде  мыңдаған дарынды түлектердің қанат қаққан киелі қара шаңырағына айналды. Басшылық міндеті білікті маман – Сүндетов Ғабит Насырұлына жүктелген. Тәлім мен тәрбие ордасына айналған бұл қара шаңырақта бүгінде 1240 оқушы сапалы білім алып отыр. Инновациялық техноногияларымен біте қайнасқан білім мен ғылым дәуірінде бұл білім қясы шәкірттерге жан-жақты білім берудің зор мүмкіндігіне ие. Инновация бағытындағы жұмыс жоспарға сәйкес халықаралық- «Global Scolars» және мектепшілік – «GIFанимация», «Жаңа қазақ әліпбиі», «Адамдарға қуаныш» жобаларымен қатар, «Сөз қадірі-өз қадірін» эксперимент алаңы аясында оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізілуде. Білім сапасын көтеру мақсатында жылдық оқу жоспары бойынша вариативті компоненттен 1-11-сыныптар аралығында жекелеген пәндерден оқушылардың қызығушылықтарын, жеке мүмкіндікері ескеріле отырып, факультативтік сабақтар алынған. Жас ұрпақтың ойлау зияткерлілігін ашу жолдарын қарастыру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру  арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп атындағы  №57 орта мектеп  ұжымының ұстаздары да  орасан зор еңбек етуде. Қазіргі  таңда  мұғалімдер мен оқушылар  аудан, қала, республикалық  деңгейдегі олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда топ жарып, жүлдегер атанғанын айтуға болады.

  • Республикалық пәндік олимпиададан, орыс тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы  Жақсылықова Даяна жүлделі 3 орын иемденген, пән мұғалімі Үсембаева Ж.С.
  • 9-11 сынып пәндік олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңі бойынша Биология пәні Қабжанова М. жүлделі 3 орын, пән мұғалімі Кулбабенова А.Е. Орыс тілі пәні  10 сынып оқушысы Жақсылықова Д. жүлделі 2орын, пән мұғалімі Үсембаева Ж.С.

9 сынып оқушысы Қасенова Т. орыс тілі пәнінен жүлделі 3орын, пән мұғалімі Бейсенова Р.К., тарих пәні бойынша Әмірхан Балнұр, жүлделі 2 орын, пән мұғалімі  Сүндет Б.Х., ағылшын тілінен 10 сынып оқушысы Тәшім А. жүлделі 2орын, пән мұғалімі Түсіпханова А.Б., ағылшын тілінен 11 сынып оқушысы Якупов Е. жүлделі 2 орын, пән мұғалімі Смаилова Г.Е., өзін-өзі тану пәнінен 10 сынып оқушысы Боранбай С. жүлделі 3 орын, пән мұғалімі Менлибекова А.А.

  • 8-11 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауы Елшібеков Р.-

2 орын, жетекшісі Махмутова Г.С. Нұрқасымов Н.-3 орын, жетекшісі Әзімханова Б.Ә.

  • 7-8 сынып Жасөспірімдер олимпиадасынан жүлделі 1 орын, қазақ тілі мен әдебиеті, жүлделі 2 орын, өзін -өзі тану, жүлделі 3 орын, математика, жүлделі 3 орын физика, жүлделі 3 орын, ағылшын тілі, жүлделі 3 орын биология пәні бойынша Аманжолова Т.Т., Тоқтағазина Ж.Ә. Кенжехан М. Аманжолов Е. Балғабаева А.Е. Махмутова Г.С. Грамота, (тарих, өзін-өзі тану география пәні) Абдиханова М.Т. Кулметов С.Ю. Тоқтағазина Ж.Ә.
  • География пәнінен I Ұлттық олимпиададан 8 сынып Сакибзада Ислам- 3 орын, пән мұғалімі Қулметов С.Ю. 7 сынып Боранбай Ұлжан- грамотаға ие болды,  пән мұғалімі Иманбаева Ж.Б.
  • 5-6 сыныптарға арналған Республикалық пәндік олимпиадасы бойынша қазақ тілі пәні бойынша Жұмағали Н., грамота, пән мұғалімі Сағидолда М., ағылшын тілі бойынша  Алмасбекұлы А.-грамота, пән мұғалімі Бәйтен Н., жаратылыстану пәні бойынша Баязит Ұ. -3 орын, пән мұғалімі Кулбабенова А.Е. 
  • 5-6 сынып оқушылары арасында өткен қалалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасынан жүлделі 3 орын, Алмасбекұлы А. жетекшісі: Абдраимова Г.И.
  • «Зерде» зерттеу жұмыстары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша  жүлделі 3 орын Сәт Жансая, Амангелді Сәнім, жетекшісі Пазылова Д.Ш.
  • 2-4 сынып оқушылары арасында 1 қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуынан «Ойлан тап» номинациясы бойынша жүлделі 1 орын, Ерғалиева Каусар, жетекшісі Түсіпханова А.К. «Өнер алды…» номинациясы бойынша Керімбай Дария жүлделі 2 орын, жетешісі Нұртазаева А.П. «Алтын сақа…» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша Алмасбекұлы Омар жүлделі 3 орынға ие болды, жетекшісі Абдырахманова Ы.Б.  

Сабақтан тыс уақыттарда шәкірттердің бойдағы балалық қызығушылықтарын арттыруға бағытталған бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Жас ұрпақтың шымыр әлі  салауатты өмір салтын биік ұстанып, түрлі шеберлік сағаттарында да өз қабілеттерін ашып, оны шыңдауларына барлық жағдай жасалған. «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» демекші, бұл жолда алған қалалық, республикалық деңгейде жеткен жетістіктеріннен байқауға болады.

  • Қалалық патриоттық әндер байқауы бойынша «Күмбірлеген домбыра үні» әнімен Бақытжан Қаршыға, «Тәуелсіздік тұғырым» әнімен Кенжебек Ерлан 1 орын алды, жетекшісі Токтагазина Ж.А.
  • Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2022» ашық шығармашылық қалалық байқауы бойынша «Мажор» ансамблі, «Мұрагер» домбыра ансамблі қола медальға ие болса, халық әні жеке орындаушы бойынша Бақытжан Қаршыға күміс медальге ие. Жетекшілері: Бекен Нұрболат және Токтагазина Ж.А.
  • Дюздо спорттық қалалық жарыстан Қартпай Нұршуақ, Қартпай Нұрдаулет, Әбен Шардияр, Бақытбек Шерхан, Аманбай Сабина, Балтабай Али, Исламхан Расул жүлделі 1 орын алды, жетекшісі Елубаев М.Ж.
  • Командалық қалалық қазақ күресінен Қожасов Айшуақ, Жақып Ерасыл 1 орын, жетекшісі Омуртай А.
  • Республикалық күрестен Қайсарқызы Аружан, Қалиев Саят, Бақытбек Шерхан 1 орын, Елубаев М.Ж.

Бұл  да  болса   мұғалімдердің ерен еңбектерінің арқасы.  М. Жұмабаев: «Баланы мұғалімнің   өзіндей  қылып шығармай, келешек  заманына  лайықтап  дайындау керек» деген  екен.  Сондықтан қазіргі оқушылар заман талабына сай  тәрбиеленуі  тиіс.   Отбасының  да, мектептің де, қоғамның да мақсат- мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.  Болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге  қол  жеткізіп, білімнің биік шыңдарын бағындыра беру мектептің басты мақсаты.

Негізіне келсек, алтын ұя-мектеп – жұлдызы аспанда, қаны қара жердің тамырында, жүрегі мектепте соққан құдіретті мекен. Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептің әрбір арайлап атқан таңы – ақыл, білім, өнерді, жылы шуағы санамызға жақсы сөздерді жиып, өмірге азық мол сыйлайтын құшағы құтты нұрлы ұя.

Жұмағали Ергешбаев

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Нұр-Сұлтан қаласы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *