2022 жылғы 22 сәуір күні Білім Беруді жаңғырту орталығының және Техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ғылыми – техникалық шығармашылық – заман талабы» тақырыбында шебер – сыныптары өткізілді.
Мақсаты — шығармашылық тәжірибесі қалыптасатын педагогтің өзін – өзі жетілдіруіне жағдай жасау, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру.
Іс-шараға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың педагогтері ат салысты.
Өз шеберліктерімен бөліскен педагогтер:
- Абдрашитов Қанат Абдрахманович, «Әуемоделдеу» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Изготовление крыла модели самолета. Изготовление нервюр крыла»;
- Мухамеджанов Алимжан Магзумович, «Техникалық дизайн» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Көркем аралау және ою»;
- Абылғазы Шайдолда, «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Картон қағаздан поезд жасау»;
- Маухей Хуантай, «Жас рационализатор» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Ағаштан сызба бойынша желкенді қайық жасау» ;
- Есентаев Даулет Шоптибаевич, «Жүреміз, жүземіз, ұшамыз» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Кеме және танк жасау үлгісі»;
- Смайлов Сарсенғали Қабиболлаұлы, «Жас рационализатор» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Резакта пеноплекспен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері».
Шебер – сыныптар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарды талқылап, қорытынды жасады.