Model SAMR as a tool for E-learning

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес ТжКББ ұйымдарының  «02310100 – Аударма ісі» (түрлері бойынша) мамандықтарының оқытушыларына арналған «Model SAMR as a tool for E-learning электронды оқытуды қолдану әдістері» атты қалалық Workshop 2022 жылдың 25 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі базасында өткізілді.

Workshop жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының «Аударма ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары  мен ағылшын тілі пәнінің оқытушылары қатысты.

Воркшопқа келген барлық қатысушылар жұмыс барысында ағылшын тілін оқытуда SAMR моделін енгізудің негізгі аспектілері және  oнлайн оқытудың заманауи мәселелері тақырыптары төңірегінде өзара қарқынды әрекеттесіп, ұсынылған мәселелерге жоғары қызығушылық танытты.

Workshop жұмысы белгіленген мақсатына сәйкес оқытушылардың өзара оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдермен танысуын, қатысушылардың бірлескен жұмыс процесіне белсене араласуын қамтамасыз етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған