2022 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және № 21 орта-мектебінің бастауыш сыныптар қауымдастығы «Білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: білім беру үрдісінде денсаулық сақтау технологиялары бойынша қала мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына № 21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында 3 ашық сабақ, педагогикалық шеберхана, денсаулық сақтау технологиялары, ертегі терапиясы, би қозғалысы терапиясы, музыкотерапия өткізілді.
Семинарға қатысушылар өз ойлары мен құнды пікірлерін білдірді.
Семинарды жаңғырту орталығының әдіскері Н.Әзімбай қорытындылады. Іс-шараға қатысқан және тәжірибемен бөліскен педагогтар Білім беруді жаңғырту орталығының алғыс хатымен марапатталды.