«Тәлімгер» мамандығы

2022 жылғы 17-20 сәуір аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында «Тәлімгер» мамандығының 100 жылдығына және Балалар жылына арналған «Балалық шақтың навигаторлары» педагогикалық отрядтардың Республикалық слетіне жалпы орта білім беру ұйымдарынан Дарханұлы Ақжол №8 МГ, Жолдасова Жұлдыз Балабекқызы №20 ОМ, Лаукелқызы Аяулым №76 МЛ, Айтжан Айболат Серікұлы №49 ОМ, Нух Жансерик №43 ОМ, Орынбасар Қасиет Ерғазықызы №91 МГ, Суйиндикова Гулнур Жанадиловна №85 МЛ, Базарғалиева Айзат Алмабекқызы №62 МЛ вожатыйлары қатысты.

Мақсаты: Слет балаларды жыл бойы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамту жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, осы қызмет саласының кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

«Тәлімгер» мамандығының 100 жылдығына және Балалар жылына арналған «Балалық шақ навигаторлары» педагогикалық отрядтардың Республикалық слетіне 13 облыстан вожатыйлар қатысты.

         Республикалық слетте әр команда үш номинация бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынды:

Слет қатысушылары жетістіктерінің көрмесі «Тәлімгер мамандық емес-бейімділік, тағдыр!»;

  1. TEDx форматындағы презентациялар «Болашақтың тәлімгері қандай болуы керек»;
  2. «КТК» ойын

«Тәлімгер» мамандығының 100 жылдығына және Балалар жылына арналған «Балалық шақ навигаторлары» педагогикалық отрядтардың Республикалық слетінің қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мектеп вожатыйлары TEDx форматындағы презентациялар «Болашақтың тәлімгері қандай болуы керек» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған