Инклюзивті білім беру. Педагог көзқарасы

2022 жылғы 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық іс-тәжірибені тарату мақсатында «№6 гимназия» КММ-де «Инклюзивті білім беру. Педагог көзқарасы»  халықаралық практикалық семинар өтті.

Семинар жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы, Ресей Федерациясының Новосибирск қаласы, Қарағанды облысының, Шахтинск және Теміртау қалаларының педагогтері қатысты.

Жұмыс барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

– отбасымен өзара қарым-қатынас орнату – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды кешенді сүйемелдеудің бір түрі (Нұр-Сұлтан қаласы №6 гимназиясының жұмыс тәжірибесінен);

– мүмкіндігі шектеулі баламен жеке жұмыс жасау кезіндегі педагогикалық тәсілдер, инклюзивті сыныпта орыс тілі сабағында жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері (Новосибирск қаласының №213 «Открытие» ЖОББМ МАББМ):

– инклюзияны қолдау кабинетінің қызметі туралы. Кедергісіз мектеп. Педагог – психолог жұмысында ойын техникасын қолдану, нейропсихологиялық тәсіл, нейроойындар – жұмыстың өнімді тәсілі (Қарағанды облысы Шахтинск қаласының инклюзивті білім беруді дамыту тәжірибесінен);

– ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту – жаңа білім беру практикасы, ЕББҚ бар оқушылармен түзету жұмыстарында қолдың ұсақ моторикасын дамытуда қарапайым заттарды ерекше қолдану, мектептегі оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алудың заманауи тұжырымдамалық модельдері, ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасауда құм терапиясы (Қарағанды облысы Теміртау қаласының тәжірибесінен).

Семинар барысында тақырыптың практикалық аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Психолог, логопед, дефектологтардың тәжірибесі қызықты және пайдалы болды. Спикерлер – аталған мәселені жетік білетін, өз ісінің нағыз мамандары.

Семинарда көтерілген сұрақтар білім берудің болашағы жайлы ойлануға, қолдағы нәтижелерді қайта бағалауға және қызметтің жаңа аспектілеріне көшуге дайындалуға итермелейді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған