2022 жылғы 19 сәуір күні №20 орта мектебінде 120 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының академигі Қ.И. Сәтпаев «Ғалымдар күні» дебат ойындары өтті.
Ғылым апталығы аясында робототехника бойынша «RoboScouts» жарыстары өткізілді, мектеп оқушылар қатысты (№20 орта мектеп, №40 мектеп-лицей, №58 мектеп-гимназия, №68 мектеп-гимназия). Байқаудың мақсаты –оқушыларыдың танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық бастамаларын белсендіру және дамыту, робототехника саласындағы идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға жағдай жасау.
Жарыс төрт санат бойынша өтті, келесі жеңімпаздар анықталды:
«Кегельринг» санаты
1 орын — Мурат Хадидже «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия;
2 орын — Базарбай Дастан І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия;
3 орын — Аяқберген Дидар №20 орта мектеп.
«Сумо-мини» санаты
1 орын — Сүйінбек Жеңіс, І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия;
2 орын — Гамалин Егор, №20 орта мектеп;
3 орын — Қозыбай Ғизат, №20 орта мектеп.
«Дефиле» санаты
1 орын — «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия;
2 орын — Макимов Санжар, І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия;
3 орын — Қозыбай Ғизат, №20 орта мектеп.
«Желі» санаты
1 орын — Қанатұлы Едіге, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей;
2 орын — Зұлпыхар Ерасыл, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицей;
3 орын — Дусимбек Медина, Холдибек Айару, №20 орта мектеп.
Шара соңында №20 орта мектептің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды. Вокалдық топтар «Қазақстан», «Тәуелсіздік-тірегім» әндерін орындады, вокалдық топ жетекшілері Дана Жақсылыққызы, Бибінұр Қаттоланқызы. Сондай-ақ «Мектеп» әнін Радченко Мирослав пен Жүсіпов Аружан, Әубәкіров Інжу, Ғазизов Інжу квартеттері орындады.