Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының 2022 жылғы 30 сәуірдегі № 44 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен қалалық шебер-сынып байқауы өтті.
Мақсаты: тәрбие-білім беру процесінде көркемдік-эстетикалық бағытты дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы дамыту, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша мына жеңімпаздар анықталды:
І орын – Жубатова Сабира, № 24 «Айналайын» балабақшасының педагогі
ІІ орын – Карабекова Айдана, №69 «Еркем-ай» балабақшасының педагогі
ІІІ орын – Сақтағанова Ақмарал, №1 «Бәйтерек» балабақшасының педагогі.
Республикалық «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен шебер-сынып байқауына қатысуға № 24 «Айналайын» балабақшасының педагогі Жубатова Сабира Алмуратовна жолданды.