Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-практикум

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 15 сәуір күні  №89 мектеп-лицейінде «Мектептегі тәрбие жұмысын жаңғырту: стратегия, құндылықтармен оның мағыналары» директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға арналған семинар-практикум өтті.

Семинар барысында білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Дауешова Сындар Муратовна «Мектептегі тәрбие жұмысы туралы» сөз сөйледі, Білім беруді жаңғырту орталығының тұлғаны тәрбиелеу және дамыту бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескеновна «READx» жобасын жалпы білім беретін мектептерге енгізу туралы, жобаның мақсаты мен қағидалары туралы айтып берді. «READx» жобасы оқушылардың оқу қызығушылығын арттырады, сонымен қатар көркем әдебиетке қызығушылық тудырады  және әдеби сөйлеуді дамытады.

Іс-шара барысында бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Садвакасова Динара Тайбасаровна «Жас Ұлан» республикалық біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымының тәжірибесі туралы айтып берді, ҚР дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсенің сарапшысы Нұркен Дәулет Қайратұлы «Мектепте дебат клубын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір  «Ұлттың жарқын болашағы – жастар» атты баяндамасы тыңдалды,  Жас сарбаз жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасының орынбасары  Абыкенов Ерасыл Серікұлы «Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, №52 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аппазова Ляйла Сагитовна  «Өзін-өзі басқару»,  Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының 9  сынып оқушысының ұланбасы Жунисбекова Лейла, №59 мектеп-лицейінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мейман Қуанар Шарқанбекұлы «Парасат» дебаттық клубының ұйымдастырылуын айтып өтті.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *