«9-сынып білім алушыларын «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі»

2022 жылдың 9 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша  9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау ережесін таныстыру және емтихан материалдарының құрылымын, оқушыларды емтиханға дайындау әдістемесін түсіндіру мақсатында «9-сынып білім алушыларын «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі» вебинары өтті.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары» бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды атестаттау емтиханының өткізілу тәртібін айта келе, емтихан материалдарының құрылымына, ерекшелігіне тоқталды. 

№79 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Акшолакова Лязат Кызыркановна  «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен қорытынды аттестаттау» тақырыбы бойынша «Қазақ тілі» пәнінен болатын емтихан форматындағы өзгерістер, аттестаттау спецификациясына шолу, бағалау міндеттері бойынша балдың қойылуы туралы түсіндіріп өтті.

№75 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Керимова Гүлжазира Есенбековна «Әңгіме жаздыру жолдары» тақырыбы бойынша әңгіме жазуда нені  ескеруіміз керек?, әңгіменің түрлері, әңгіме жазу қадамдары, әңгіме жазудың басты ерекшеліктері туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

№10 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Қасымова Гүлжан Бозжігітқызы «Мақала жазудың қадамдары» тақырыбы бойынша мақала жаздыруда «мақалаңыздың тақырыбын нақтылау, тақырып қою, мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеу, мақаланың құрылымы, мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз» сияқты мақала жазуда басты ескеретін жағдайларды айтып, өз  іс-тәжірибесінен кеңес ұсынды.

№54 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  «Эссе жазудың талаптары мен құрылымы» тақырыбы бойынша эссе түрлері, оның құрылымы, эссе жазудың талаптары және емтихан жұмыстарына қалай дайындау керек? сұрағы төңірегінде тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған