«Қазақ әдебиеті» (таңдау) пәнінінен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ерекшеліктері»

2022 жылдың 9 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша  9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау ережесін таныстыру және емтихан материалдарының құрылымын, оқушыларды емтиханға дайындау әдістемесін түсіндіру мақсатында «9-сынып білім алушыларын  «Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 9-сынып бәләм алушыларын «Қазақ әдебиеті» (таңдау) пәнінінен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ерекшеліктері» вебинары өтті.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары» бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды атестаттау емтиханының өткізілу тәртібін айта келе, емтихан материалдарының құрылымына, ерекшелігіне тоқталды. 

Вебинарда спикерлер:  №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макишева Тлеухор Қуанышқызы; №85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макишева Тлеухор Қуанышқызы; №67 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берекетова Гүлнар Қаманбекқызы; №50 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Есильбаева Ұлбосын Ахметоллақызы таңдау пәні «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 9-сыныптарды қорытынды емтиханға дайындау үшін спецификацияға сүйене отырып, бағалау үшін тапсырмалар құрастыру және сараптама жасау, бағалар сипаттамасы, ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар, тапсырма құрастыруға қойылатын жалпы талаптар, ашық түрдегі тапсырмаларды құрастыру кезінде ескерілуі тиіс мәселелер, қысқа жауапты қажет ететін тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар, толық жауапты қажет ететін тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған