«Біз мектепке барамыз» акциясы

2022 жылдың 12 сәуірі күні  Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтер сабақтастығы» жобасы аясында елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары арасында «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды.

Акция барысында мектепалды даярлық топтарының педагогтері балабақша тәрбиеленушілерін мектепке сапалы даярлауға бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, онлайн ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсететін болады.

Биылғы жылы Акцияны бірінші болып №46 «Самал», №43 «Қызғалдақ», №1 «Бәйтерек», №74 «Дәурен» балабақшалары ашты. Педагогтер ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың білім, білік және дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді.

Іс-шараға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А. Ережепова, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Қорытынды бөлімде кері байланысқа шыққан қатысушылар өз ұсыныстары мен тілектерін білдіре отырып,  іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Акция  ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған