«Жоспарлау мен басқару – табысқа жету жолы» тақырыбында қалалық онлайн оқу семинары

2022 жылғы 11 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Жоспарлау мен басқару – табысқа жету жолы» тақырыбында қалалық онлайн оқу семинары өтті.

  Іс-шараға орталық әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысты. Семинар модераторы, орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова педагогтерге іс-шара  бағдарламасы мен мақсатын таныстырды.

 Семинар спикері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының  аға менеджері Күзембаева Камила Асыпқызы ұйымды тиімді басқара отырып қалай табысқа жеткізуге болатыны туралы толыққанды ақпарат берді.

Семинар барысында үздіксіз мониторинг жүргізу, сенім, көшбасшылық, бақылау, менеджмент, дұрыс мақсат қоя білу, зерттеу, жүйелі жұмыс жүргізу сияқты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына өзекті мәселелер талқыланды.

  Іс-шара соңында рефлексия жүргізілді, қатысушылар кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *