ҚАЗАҚ ТІЛІ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕР

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық форум өтті.

Қазақ тілі мен әдібиеті пәні мұғалімдерінің басын қосқан жиында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев: «Бәрімізге ортақ мүдде, ортақ мақсат — ол ана тіліміздің мәртебесін асқақтату және тіл мен әдебиетті оқытудың озық отандық және халықаралық тәжірибиеге сүйеніп, білім сапасын арттыру, тілді меңгерту», — деді өз сөзінде.

Қазақ тілін оқу мәселесі мектепте бастау алады. Елордадағы 149 мектептің 99-ы мемлекеттік десек, олардың жайы мынадай:

  • 35 мектеп (35%) қазақша,
  • 56-сі (57 %) аралас,
  • 8-і (8%) таза орыс тілінде оқытады.

Қазақ тілінде оқитын оқушылар саны – 114 442 (54,8%),
Орыс тілінде оқитын оқушылар саны – 93 312 (44,7%),
соның ішінде қазақ балаларының саны – 62 398 (63%).

2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа 25 349 бала қабылданды.
Қазақша оқитыны — 13 092 (52%)
Орысша оқитыны — 12 257 (48 %)

Қазақ тілі мен әдібиеті пәнінің мұғалімдері үшін:
2021-2022 оқу жылының басынан осы уақытқа дейін 28 семинар өткізіліп, 2300-ден астап мұғалім қамтылды.
«Елордалық электронды мектеп» сайтына 1-11 сынып ұстаздары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 1929 оқу әдістемелік кешен жүктелді.

Елордада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – 1 448,
соның ішінде педагог-шебер және педагог-зерттеуші санаты бар мұғалімдері саны – 599 (41%) құрайды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *