Химия және биология пәні бойынша қалалық «Заманауи сабақ –мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіштері» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2022 жылғы 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес химия және биология пәндері мұғалімдерінің арасында «Заманауи сабақ-мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіштері» қалалық байқауы өткізілді.
Мақсаты: білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, қолдау, оның кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, білім сапасының өсуіне үлес қосу. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының химия және биология пәндері мұғалімдері қатысты.
Байқау 2 кезеңнен өтті. 1-кезең сырттай: қатысушылардың 1 сабағының қысқа мерзімді жоспарының электрондық түп нұсқасын жинақталған бағалау критерийлері арқылы іріктеді. Байқаудың 1-кезеңіне 100-ден астам педагогтен жұмыс келіп түсті. 1-кезеңнен жоғары ұпай жинаған 32 педагог 2-кезеңге жіберілді.
2-кезең «Үздік сабақ, озат тәжірибе» панорамалық сабақты қорғады.
Жинаған ұпай сандарының қорытындысы бойынша төмендегідей конкурстың жеңімпаздары анықталды:
Химия пәні бойынша:
1 — орын Гареева Алия Суртаевна — №81 «Аstana English School» мамандандырылған гимназиясының химия пәні мұғалімі;
1 — орын Ельчибаева Айнур Бериковна- №10 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі.
2 — орын Құмар Ботакөз — №66 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 — орын Мукушева Салтанат Алибаевна — №30 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі.
3 — орын Бижанов Бахитжан Сартайұлы- №8 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 — орын Макетаева Ақтоты Турсынгазиевна- №38 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 — орын Газдрубал Елик – Сакен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі.
Биология пәні бойынша:
1 — орын Жумаханов Каирлы Калибекович — №50 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
1 — орын Карипжановна Алмагуль Закеновна — №30 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі;
2 — орын Сулекешова Фатима Жумагазиевна — №38 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
2 — орын Рахимжанова Гульмира Толеубековна — №70 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.
3 — орын Махмутова Гульмира Сейтжапбаровна — №57 орта мектептің биология пәні мұғалімі;
3 — орын Аубакирова Куралай Рамазановна — Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни» атындағы №85 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
нің
3 — орын Токсанбекова Гульмира Байгариновна — №50 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.
Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Байқауға қатысқан педагогтердің үздік сабақтары енгізілген жинақ кітабы шығарылады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.