Семинар  «Дарынды тұлғаны дамытудағы жұмыс тәжірибесі»

2022 жылдың 25-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Дарынды тұлғаны дамытудағы жұмыс тәжірибесі» тақырыбында жетекші мектептер арасында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты:Тәжірибелік жұмыстар арқылыдарынды оқушыларды дамытудың жолдарын көрсету.

Семинарға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, жетекші мектептер координаторы  Б.К.Миралиев, ПШО тренері Ш.Е.Қалиханова және қаладағы 30 жетекші мектеп координаторлары мен педагогтері  қатысты. Іс-шараны мектеп-гимназияның директоры Б.А.Магзумова ашып, мектептің «Дарынды тұлғаны дамытудағы жұмыс тәжірибесі» тақырынбында мектеп жұмыстарымен таныстырып өтті. Дарынды ер балаларға арналған  Білім  иновация –лицейінің директор орынбасары Г.М.Рахимова сөз алып, «Олимпиадаға  дайындаудың  негізгі сатылары» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша тәжірибелік сабақтар көрсетілумен жалғасып, кейін  факультативтік курстарды жаңаша оқытудың жолдары бағытында ықшам сабақтар ұсынылды.

Семинар соңында үйірмелер бойынша шебер-сыныптар ұсынылып, қатысушылар оқушылардың түрлі бағыттағы өнерлерін тамашалады. Семинар  «Дарынды тұлғаны дамытудағы жұмыс тәжірибесі» тақырыбын барынша аша отырып, қатысушыларға жаңа идеялар мен тәжірибелер ұсына алғанын кері байланыстан көрінді. Дарынды оқушыларды тану, оны дамыту басты назарда қала берері сөзсіз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған