Нұр-Сұлтан қаласы Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде 24 ақпан күні «Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік ұсыным» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: мектеп тәжірбиесінде білімдегі олқылықтарды жою бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Семинар барысында мектеп-лицей мұғалімдері панорамалық сабақтар, коучингтер, воркшоп, ықшам сабақтар, шебер сынып көрсетілді. Қала мектептерінен келген 50 ден астам педагогтер өздеріне көптеген ақпарат алып, ұсыныс тілектерін білдірді. Семинар жоғары дәрежеде өтті.