«БІРГЕ ОҚИМЫЗ-БІРГЕ ШЕШЕМІЗ»

2022 ж. 22 – ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы І.Есенберлин атындағы №67 гимназияның  «БІРГЕ ОҚИМЫЗ-БІРГЕ ШЕШЕМІЗ»  тікелей эфирінің кезекті шығарылымы өтті.  Эфирге білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, жетекші мектептер бойынша координатор Миралиев Бауыржан Койшибековичпен  сонымен бірге жетекші және серіктес мектептердің педагогтері қатысып, «Тиімді жобалар – мұғалімнің кәсіби шыңдалу жолы» тақырыбында І.Есенберлин атындағы №67 гимназия ұстаздары «Бірге оқимыз-бірге шешеміз»,  «SHARE-Action Research» халықаралық жобасы, «Вookworm», «Мағжан педагогикасы», «Мен таңдаған жол кәсіби бағдар» патентпен қорғалған жобаларын, №74 мектеп-гимназиясының ұстаздары «Global scholars» халықаралық жобасын, №65 мектеп- гимназиясының ұстазы  «Мобильді мектеп: мақсатқа жету жолдары» жобалары бойынша өз жобаларының  тиімділігі жөнінде іс тәжірибе алмасты. Жобалар туралы баспаға беру, осы жобаларды  қалалық деңгейде басқа мектептерге тарату жайында ұсыныс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған