«Бүгінгі жас маман – ертеңгі табысты ұстаз»   тақырыбында қалалық  семинар офлайн форматта өтті

2022 жылғы 19 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №70 мектеп-лицейде «Бүгінгі жас маман – ертеңгі табысты ұстаз»   тақырыбында қалалық  семинар офлайн форматта өтті.      

  Іс-шара табысты мектеп: Үш фазалық өзгерісті басқару жобасын іске асыру аясында  6 үздік идеялардың бірі  «4-7-20» моно жобасының тиімді жақтарымен бөлісу, тәжірибе алмасу  мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, тренер С. Ахметова, сондай-ақ елордалық бастауыш мектеп мұғалімдері қатысты.

Іс-шараның I кезеңінде №70 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Амреева, Л. Балтабаева  «Педагогтік қызметін бастаған жас маманның бейімделу үдерісіне кәсіби қолдау» «4-7-20» жобасы аясында инклюзивті білім берудің  мүмкіндіктері» тақырыбында  баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

II кезеңде «Жас мамандар шақырады» шығармашылық таныстырылымда аталған мектептің жас мұғалімдері көрсетті:

1. «Ньютон» зерттеушілер клубы, Е.Қырғызбай

2. «Куратор» жобасы, Н.Сулейменова, Б. Тоқбалаева

3. «Жомарт жүрек» еріктілер клубы, Е.Кинаятов, С.Жандуллаева

4. «Туған елге тағзым», А. Забенов

5. «Квиз-плиз»  интеллектуалды ойыны, Б.Ахмульдинов III кезеңде семинар жұмысы қорытындыланды. Жас мамандар  кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді. Жас мамандар мектебі өз жұмысын жалғастыратын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *