Жоғары ASTANAPOLYTECHIC колледжінің педагогтеріне «Әдістемелік сағат» атты семинар өтті.

2022 жылғы 18 ақпан күні Жоғары ASTANAPOLYTECHIC колледжінің педагогтеріне «Әдістемелік сағат» атты семинар өтті.
Семинарда колледж оқытушылары авторлық әзірленімдерді дайындау талаптарымен, педагогикалық аттестациядан өту тәртібімен, оқытушыларға қажетті құжаттамаларды дайындаумен таныстырылып, сұрақтарына жауап берді.
Әдістемелік іс-шарада Білім беруді жаңғырту орталығы өкілдері Д.Д. Байтасов орталық басшының орынбасары, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Е. Рамазанова, баспа бөлімінің әдіскері Р.Р. Айгараева, ТжКББ бөлімінің басшысы И.С. Алишева мен бөлім әдіскері Н.С. Исина қатысты.
Колледж педагогтері семинардың өзектілігі мен уақытылығын және әдістемелік көмектін көрсетілгендігін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған