Әдістемелік көмек көрсету мен зерделеу

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» әдіскерлері тарапынан білім беру ұйымдарының инновациялық  жобалар жұмысына әдістемелік көмек көрсету мен зерделеу мақсатында 2022 жылдың қаңтар айында бір қатар мектептердің осы бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары зерделеніп, оларға әдістемелік қолдау көрсетілді.

Білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі түрлі бағытта жүзеге асырылып жатқаны қуантарлық. Инновациялық жобалар оқушылардың жан-жақты  дамуына, білім беру ұйымының қабырғасында меңгерген дағдылары, алдағы уақытта үлкен көмегі тигізетініне сеніміміз мол.

Осы орайда, мектептердің STEM, гидропоника, аквапоника зертханалары оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытса, Global shcolars   халықаралық жобасы, олардың шет елдегі құрбыларымен бірге әлеуметттік жобалар орындай отырып ағылшын тілін жетік меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, IT, бағдарамалау, технология, дене шынықтыру бағыттағы  жобаларда кеңінен қарастырылған.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған