Инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті!

2022 жылғы 17 ақпанда №65 мектеп-гимназиясы базасында Нұрсұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен офлайн форматта «Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған балаларға білім беретін мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын  педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Аталған іс-шарада жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, ПМПК мамандары және «Мир слуха» орталығының өкілдері қатысты.

Семинар барысында:

  • «Білім беру ұйымдарында психологиялық – педагогикалық қолдау қағидаларын бекіту ерекшеліктері» (Урстембаева Р.Р. – №65МГ дефектологы);
  • «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін  балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі ПМПК рөлі» (Жантаева К.К. – №5 ПМПК сурдопедагогы);
  • «Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған балаларға білім беретін мұғалімдерге ұсынымдар» (Нагиева Г.О. – түзету сыныптарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары) тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды.

«Мир слуха» орталығының сурдолог дәрігері, есту протезшісі Успанова Ботагул Муратовна семинар қатысушыларына «Roger Soundfield» дыбыс күшейткіш жабдығымен таныстыра отырып шебер-сынып көрсетті.    

Семинардың практикалық бөлімде түзету сыныптарының мұғалімдері ашық сабақтар мен жеке сабақтар көрсетіп әріптестерімен іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып  педагогтер ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу  үшін ұсыныстар ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған