2022 жылғы 11 ақпан күні Білім беруді жаңғырту орталығымен Нұр-Сұлтан қаласының №82 «Дарын» мамандандырылған лицейімен бірлесіп «Функционалдық сауаттылық –сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында қалалық онлайн –семинар өткізілді.
Семинар мақсаты-PISA халықаралық зерттеуге дайындық аясында мұғалімдерге қолдау көрсету.
Семинарда лицейдің тәжірибелі мұғалімдері жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылық бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті. Іс-шараға 90-нан астам ұстаз қатысты. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс бере отырып, функционалдық сауаттылықты дамытудың өзектілігін атап өтті.
Іс-шараны Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға сертификат табыстады. Іс-шараға қатысушылар іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға және семинарды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.