«21 ғасыр мұғалімінің дағдылары» тақырыбындағы вебинар

Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 9 ақпан күні «21 ғасыр мұғалімінің дағдылары» тақырыбындағы вебинарға елорданың химия және биология пәндерінің жас мамандары қатысты. Вебинар Zoom платформасында ұйымдастырылды.

Іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының №51 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Амирова Айнур Өскенқызы, №74 мектеп-гимназиясының биология және жаратылыстану пәні мұғалімі Тлеубаева Раушан Майданбаевна, №70 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Жекебаева Жазира Шайкеновна, №67 гимназиясының химия пәні мұғалімі Оспанова Гульмира Нургазыевна іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға қатысушылар вебинар мазмұнының маңыздылығы мен қарастырылған ақпараттардың құндылығын атап өтіп, іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға ризашылығын жеткізді. Рефлексия бөлімінде Padlet қосымшасы арқылы мұғалімдер кері байланыс жасап, вебинарды қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған