2022 жылғы 10 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы МКҚК «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен елорда педагог-хореографтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі заманауи хореографияның бағыттары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Мақсаты: білім мен дағдыларды жеткізу, педагогтердің практикалық-теориялық тәжірибесімен алмасуы.
Семинар барысында елордалық педагог-хореографтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепке дейінгі, қосымша білім, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы хореография сыныбы бойынша әртүрлі жас санаттарына арналған білім алушыларды оқыту әдістемесін көрсетті.
Спикерлер тақырыптары:
- «Қосымша білім беру жүйесінде хореографияны оқытудың әдістері мен формалары» — Шукирова Айнур Узакбаевна, Нұр-Сұлтан қаласы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының «Хореография» бөлімінің басшысы, педагог-хореограф;
- «Ұлттық би өнері арқылы функционалды білім негіздерін қалыптастыру» — Уздымбаева Жаркын Берикхановна, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ ұлттық өнер университеті, №1 Өнер мектебінің педагог-хореографы;
- «Хореография сыныбындағы би импровизациясы мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі» — Шалабаева Салтанат Кантайбековна, «Экономикалық лицей» ЖШС педагог-хореографы;
- «Балалардың эстетикалық тәрбиесіндегі хореографияның рөлі» — Туякова Гульнара Кайриденовна Нұр-Сұлтан қаласы «Ақбота» балабақшасының хореографы.
Іс-шарасоңында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарды талқылап, қорытынды жасады.