«Абай кіші академиясы» жобасы

10.02.2022 ж. күні Білім беруді жаңғырту орталығы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері, «Абай кіші академиясы» жобасының жетекшісі  Жанар Сейтахметқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде эксперимент режимінде «Абайтану» пәнін іске асыру бойынша  әзірленген бағдарламасын сынақтан өткізу үшін №4 Ж. Жабаев атындағы мектеп-гимназияның, №86 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназияның, Қ. Сәтбаев атындағы №61 орта мектептің, №77 мектеп-гимназияның      1-4 сыныптарына эксперименттік алаң ретінде ендіруді қарастыру, «Абайтану» пәнін беру әдістемесін құрастыру жұмыс тобын құру мақсатында  «Абайтану» пәнін білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде сынақтан өткізу, енгізу мәселесі» дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелге Әлиев Орақ Жолмырзаұлы – «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор; Алмахан Мұхаметқалиқызы – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, абайтанушы; Мағзумова Бақытгүл Амангелдіқызы – №4 Ж. Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры; Кашаева Айгул Ондағанқызы – Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия директоры; Сыздықова Базаргүл Сағындыққызы – №86 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры: Дауешова Сындар Маратқызы – «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК басшысының орынбасары; Құдайбергенов Қуандық Шыңғысұлы – «AKBULAK ACADEMY» Біліктілікті арттыру институтының директоры, доцент, п.ғ.к; Қожакелдиева Лаура Амангелдиевна – №77 мектеп-гимназиясының директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары; Шаяханова Роза Ақпанқызы – БЖО әдіскері; Маманова Жанар Сейтахметқызы – БЖО (іс-шараға жауапты)  әдіскері қатысты.  Отырыста «Білім беру ұйымдарында эксперимент ендіру», «Абайтану» курсын оқытудың ғылымиәдістемелік негіздері», «Абайтануды мектеп бағдарламасында оқыту» мәселелері қарастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған