2022 жылғы 1-3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер үшін жұмыс отырысын ұйымдастырды.
Жұмыс отырысының мақсаты білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджерлердің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру болып табылады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласының 24 жалпы білім беретін №15,17,22,37,54,56,58,59,60,66,67,70,71,72,73,74,75,76,77,79,80,83,84,92 мектептерде және сервис және туризм колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер лауазымының штат бірлігін енгізді.
Аталған іс-шарада құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша менеджерлермен бірқатар мәселелер, яғни «Менеджердің лауазымдық нұсқаулығы», «Құжаттар номенклатурасының тізімі», «Менеджерлердің жұмыс уақыты мен жұмыс жоспары», сондай-ақ «мектептегі оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің іс-қимыл алгоритмі» талқыланды.
Сондай-ақ, аталған іс-шарада «Қолдау» психологиялық сүйемелдеу қызметінің басшысы Шубина Мария Яковлевна «Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша менеджерге әдістемелік көмек және сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледі.
Менеджерлер қауымдастығының көшбасшылары келесі тақырыптарды талқылады:
- Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған кеңес «2022 оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлердің жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудағы әдістемелік көмек»;
- «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шешу жолдары» онлайн форматтағы семинар-практикум.
Отырыс талқылау кезінде айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды қорытындылаумен аяқталды және семинарға қатысқан менеджерлердің барлығы жұмыс тәжірибесімен алмасты.