«Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру құралы» тақырыбында қалалық онлайн семинар

2022 жылғы 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Lesson Study зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту, зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату мақсатында №24 орта мектепте «Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру құралы» тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті. Іс-шараға елордалық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Алғы сөз сөйлеген мектеп директоры С. Калиев семинар бағдарламасын, мақсатын таныстырды.
Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Н. Әзімбай қалалық бастауыш сынып педагогтеріне мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл Lesson Study-ді тиімді қолдану бойынша өткізілген іс-шаралар туралы баяндады.
Семинар барысында мектеп тренері Бапаева Дамира Айтбековна «Әр түрлі елдерде таралу мәнмәтіні бойынша Lesson Study түрлері», бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Свинаренко Анжела Петровна «Lesson Study-ді жоспарлау және өткізу» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімде педагогтер Lesson Study тәсілі бойынша мына сабақтарды өтті:
1 сынып, Ағылшын тілі, «Camping», Бапаева Дамира Айтбековна;
2 сынып, Қазақ тілі, «Қысқы аңшылық», Отарбаева Роза Кыдырминовна;
3 сынып, Әдебиеттік оқу, Л.Толстой «Какая бывает роса на траве?», «Гроза в лесу» Мухидинова Самал Руслановна.
Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын тәжірибедегі жасырын (санасындағы) білімін ашық көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады.
Семинар соңында мектеп психологі Кыдырбаева Куралай Оразовна рефлексия өткізді. Қатысушылар сабақтарды талдап,өз пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған