2022 жылдың 25 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығы «Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру –функционалдық сауаттылықты дамыту технологиясының негізі ретінде» тақырыбында химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған вебинар өткізілді. Вебинарда елордалық тәжірибелі ұстаздар Б.Майлин атындағы №52 мектеп –гимназиясының Садыкова Жібек Жұмабайқызы, Мәшhүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Махмутова Гульмира Сейтжапбаровна, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясының биолгия пәні мұғалімі Мажирова Куралай Кенжебаевна, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Молыбаева Саягул Сагиновна іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық кезеңде функционалдық сауаттылықты арттырудың түрлі әдіс-тәсілдерін айтып берді. Іс-шара модераторы орталықтың әдіскері Ш.Шакирова тақырыпқа сай әріптестеріне теориялық ақпараттарды берді.
Вебинар соңында мұғалімдер кері байланыс бере отырып, функционалдық сауаттылықты дамытудың өзектілігін атап өтті.