2022 жылғы 28 қаңтар күні Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен оқушыларға оқу сауаттылығы, жазбаша мәтінді түсіну, мәтінді қолдана отырып ойланып оқу, оны өз мақсат-мүдделеріне жету үшін қолдана білу, өз білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін сөздің мағынасын түсіну, оның граматикасын білу, одан құрастырылған мәтіннің құрылымы арқылы әлемді тану дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін қарастырып, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын меңгертудің функционалды-коммуникативті тәсілдерін тиімді қолдануда мұғалімдердің түсінігін жетілдіру және іс-тәжірибе алмасу, тарату мақсатында «Функционалды сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында педагог-шебер ұстаздармен оқыту семинары өтті. Әдіскер «Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеттері» тақырыбы бойынша оқу және жазу дағдыларын, 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағдарламасы туралы жан-жақты тоқталды.
№65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисанова Гульназ Құдайбергенқызы «Жоба негізінде оқыту – функционалды сауаттылықтың іргетасы» тақырыбы бойынша PBL (PBL-Project Based Learning) жоба негізінде оқушылар алған білімін қазіргі өмірмен ұштастыруда жүргізіп жатқан іс-тәжірибесімен бөлісті. №60 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегетаева Расима Анваровна «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, олардың лингвистикалық капиталын дамыту, мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін, біліктілік дағдылары негізінде адами капиталы қалпытасқан ұлжанды ұрпақтың бойында жоғары деңгейдегі интеллектуалдық өріс қалыптастырудағы тәжірибесін ортаға салды.