Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы елордалық бастауыш сыныптың информатика мұғалімдеріне «Бастауыш сыныптағы 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешені» атты онлайн семинар өткізді.
Іс-шара мақсаты «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенін таныстыру, педагогтерге цифрлық сауаттылық бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Семинар жұмысына 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы мен әзірлеушілері қатысты. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-сыныпқа алғаш рет енгізілді. Пәнді оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
«Арман-ПВ» баспасы – арманыңыздағы кітаптар!» тақырыбында сөз сөйлеген бас редактор Бекболатова Айгуль Нурмукашевна, баспаның міндеті заман талабына сай оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасап, жетілдіру екенін атап өтті.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны, оқыту үрдісінде электрондық қосымшаларды (СД диск, платформа) қолданудың тиімділігі туралы оқулық авторы Копеева Гульдана Амангельдиевна баяндады. Оқу-әдістемелік кешен оқулық, жұмыс дәптері және мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан тұратынын айтты. Автор бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, аталған пән бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді жоспары, орта мерзімді жоспарына жеке тоқталып өтті.
«Арман-ПВ» баспасының Ekitap.kz білім беру платформасын қолдануды баспаның жетекші редакторы Бактыгалиева Айсулу Умбеткалиевна түсіндірді.
«Цифрлық сауаттылық – бүгінгі заман талабы» тақырыбында орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы сөз сөйлеп, семинарды қорытындылады. Спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Оқу бағдарламасы